Сайрамнан табылған шежірелер мен ескі кесенелер осылай деуге негіз болады. Ал, аракідік кездесетін руы жоқ сарттар болса, Қоқанның бекіністердегі салық жинаушы әскерилер және сауда-саттық жасап келгендер. Қоқан дәуірінде мұндай көші-қон үдерісінің болғандығын тарихи деректер негізінде жоғарыда айтып өттік. Еліміз егемендікке жеткеннен кейінгі уақытта, қазақ еліне қоныстанған өзбектер тарихына жаңаша көзқарас білдіру уақыттың қойған талабы болды.
Оны Мәшһүр Жүсіптің мына естелігінен көруге болады: «Кеше 19-ғасырдың ішінде қазақ уалаятында «Қоқан заманы» деген заман болды. Сонда қазақта мақал болып қалды «Ақ жалау барда малым бар деме, Әзірейіл барда жаным бар деме» деген сөз. Ол ақ жалау деген Қоқан хандарының ел шабатұғын қосыны екен. Ол ақ жалау ат үстінде жүргенде қазақтың малында, басында, қатын-қыздарында ерік болмады. Қазақты шапқанда қалай шапты, атқа мінер, сойыл ұстарын тегіс қырып, бесіктегі балалардың ұят жерін қаратып, еркек кіндіктен дәнеме қалдырмай, мал-жан, үй-мүкәмалын қосындағыларға олжалы қылып, қатындарын апарып күң орнына жұмсады. Жалғыз-жарым еркектерді ақ жалаудың үстіндегілергі хандарынан, қолбасыларынан жасырып, ұрлап, өлтірмей тірі алып кетіп, Ташкентте Қоқанның ар жағында Қанбағыс, Досбағыс деген еліне жиырма бес ісек-тұсаққа сатады.
Сауалнама алынған респонденттердің барлығы ұлттық танымның қажеттігін көрсетті, яғни халықтық салт-дәстүрлерді, дінді ұстану және ұлттық тағамдарды сақталуын. Барлығы этностың бір террриторияда тұруы міндетті емес деп көрсетті. Зерттеу сұхбат алу (интервью), сауалнама толтыру және сауалнаманы талдау әдісі бойынша жүргізілді. Этникаға жату: 435 сауалнама алынған өзбек-респондент, оның ішінде: 265-і (60, 9%) – ер адам, 170-і (39, 1%) - әйел. Этникалық таным: Өзбек этносының басым көпшілігі 407 адам (93, 6%) төлқұжат бойынша өздерін өзбек деп көрсетті, олардың ішінде 16-сы (3, 7%) өздерін қазақ, 1-еуі (0, 2%) ұйғыр деп таныса, 11-нің (2, 5%) - мәліметі жоқ. Әкесінің ұлты: 422 адам (97%) – өзбек; 4-еуі (0, 9%) – ұйғыр; 3-еуі (0, 7%) –қарақалпақ; 2-еуі (0, 5%) – якут; 1 адамнан (0, 2%) – қырғыз және татар және 2-нің (0, 5%) – мәліметі жоқ.
Сондықтан олардың көпшілігі өздерін Қазақстанның байырғы тұрғындарымыз деп есептейді, сауалнама алынған 435 өзбек этносының өкілі «Сіздің жанұяңыз Қазақстанға жер аударылған ба? » деген сұраққа былайша жауап берді: 239 (54, 9%) - жоқ, 4 -еуі (0, 9%) – ия, 192-сі (44, 1%) – жауап берген жоқ. Қазақстанның тәуелсіздік алуы еліміздегі этнодемографиялық жағдайдың күрт өзгеруіне алып келді. Қазақстаннан Ресейге және Еуропа елдеріне көші-қон процесі ел халқының санын 9, 1% төмендетті.
Қоғам - Шымкент келбеті
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан халқының басым көпшілігінің саны күрт төмендеді. Тек қана өзбектер мен өзбеклар ғана өз халқының санын сақтап қалды. Оның үстіне өзбектер мен ұйғырлар өз санын табиғи өсім арқылы ұлғайтты, ал қалған халықтар мигирация есебінен өз халқының санын көбейтті. Қазақстанның кең-байтақ жерінде халықтардың тарала өмір сүруі өзара жеке қатынастардың дамуын ынталандырды, ал басқа мәдениет пен конфессия аралық қатынастар жаңа мәдениетаралық және этникааралық қатынастар механизмін қалыптастырды. «Пост-кеңестік Қазақстандағы түркі халықтарының тілі мен мәдениетінің өзара ықпалы» халықаралық жобасының жүргізілу барысында өзбек этно-мәдени орталықтарының көмегімен өзбек халқы өкілдерімен кездесулер өткізіліп, сауалнама жүргізілді.
Яғни, И. Ерофееваның 18-ғасырда Сайрам, Иқан, Түркістан өлкесінде өзбектердің қоныстанбағандығын көрсетуі, олардың Оңтүстік Қазақстанға кейін, Қоқан хандығы кезінде көшіп келгендігін дәлелдейді. Мәселен, 17-ғасырда Оңтүстік Қазақстанда болған Тобыл саудагері Тауыш Мерген [7, 172] де өз естелігінде: «Түркістан қаласын 1000-ға жуық қазақтардың мекендейтінін» жеткізеді. Егер, Түркістан аймағында өзбектердің үлкен шоғыры қоныстанған болса, саяхатшылар оны да жазып қалдыратын еді.
"Өзбек - өз ағам". Қазақ пен өзбектің бауырластығы | BAQ.kz
Соңғы көрсеткіштер бойынша Өзбекстан халқы 32,6